Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 1-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді».
Яғни, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25 бабы 2 тармағымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдарды қарау мерзімін реттелуіне байланысты.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде, он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкіндігімен, қаралуға жатады.