Зейнетақыны есептеу кезінде оқу орнындағы оқу кезеңі жұмыс өтіліне қосылады ма?
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жоғары оқу орындарындағы (дайындық курстарынан бастап), орта арнаулы оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі курстардағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқыту есептеледі. Оқу кезеңін растау үшін келесі құжаттар ұсынылуы мүмкін: диплом, куәлік, аттестат, сертификат.