Қызметкердің еңбек кітапшасына кәсіпорындағы жұмысы туралы мәліметтер енгізілмеген. Зейнетақыны есептеу кезінде еңбек өтіліне есептеу үшін қажетті жұмыс кезеңі қандай құжаттармен расталуы мүмкін?
Егер еңбек кітапшасында жұмыс кезеңі туралы мәліметтер енгізілмесе, еңбек қызметін растау үшін жұмыс орнынан анықтама беру негізі көрсетіле отырып, қол қойылған және жұмыс берушінің мөрімен расталған қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді растайтын анықтама ұсынылуы мүмкін. Егер кәсіпорын енді жоқ болса, онда ақпарат алу үшін мемлекеттік мұрағатқа жүгіну қажет. Мұрағаттық мәліметтер болмаған жағдайда еңбек өтілі сот тәртібімен расталады.