Мемлекеттік қызметші, жеке тұлғаның (досының, ағасының, туысының) азаматтық істер бойынша сотта өзі үшін материалдық немесе өзге де пайда алмай, тек қана заңды түрде көмектесу мақсатында өкіл бола алама?

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметші, жеке тұлғаның (досының, ағасының, туысының) азаматтық істер бойынша сотта өзі үшін материалдық немесе өзге де пайда алмай, тек қана заңды түрде көмектесу мақсатында өкіл бола алама?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңда (бұдан әрі – Заң) сотқа өкіл ретінде қатысу үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тегін негізде тікелей шектеулер көзделмеген.

    Мәселен, мемлекеттік қызметшінің педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға құқығы жоқ (Заңның 13-бабының 2) тармақшасы).

    Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшінің өзі қызметте тұрған не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға құқығы жоқ (Заңның 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

    Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарда көзделген мүдделер қақтығысы, яғни жеке мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі оның жеке мүдделері мен лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылықтар болмауға тиіс.

    Сонымен бірге, азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 57-бабына сәйкес сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті адам сотта өкіл бола алады.

    Баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік қызметші мұндай өкілдік тегін негізде болатын және АІЖК талаптарына сәйкес келетін жағдайда, сондай-ақ өзінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындау үшін мүдделер қақтығысы мен кедергілер болмаған кезде сотта жұмыстан тыс уақытта үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіре алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қай кандидаттар әңгімелесуді өтеді, ал қайсысы практикалық тапсырма орындайды?

    Жауап

    Басшылық лауазымдарға – эссе және әңгімелесу, басшылық емес және төменгі лауазымдарға – практикалық бағалау. Басшылық лауазымдарға кандидаттар эссе жазады және әңгімелесуден өтеді. Басшылық емес және төменгі лауазымдарға кандидаттар практикалық бағалаудан өтеді.

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Нәтижені жақсарту мақсатында жеке қасиеттерді бағалау тестін қайта тапсыру қандай мерзімнен кейін мүмкін?

    Жауап

    «Өткен» мәртебесін алған күннен бастап 3 айдан кейін. Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу шекті мәндерінен жоғары нәтиже алған және өз нәтижесін жақсартқысы келетін кандидаттар «Өткен» мәртебесі бар қорытынды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтуге құқылы....

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Өту баллына жете алмаған жағдайда жеке қасиеттерді бағалау тестін неше рет тапсыруға болады?

    Жауап

    Күнтізбелік ай ішінде 3 реттен артық емес. Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестілеуін күнтізбелік ай ішінде үш реттен артық емес «Өткен» мәртебесі бар қорытынды алғанға дейін тапсыра алады.

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    2. Конкурсқа қанша кандидат жіберіледі?

    Жауап

    Жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ТОП-5 кандидат жіберіледі. Конкурсқа қатысуға жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат жіберіледі. Балдары тең болған жағдайда жеке қасиеттерді бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттар...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Қызметтік әдепті бұзу қандай салдарға әкелуі мүмкін?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, қызметтік әдепті бұзу тәртіптік жауаптылыққа, оның ішінде мемлекеттік лауазымынан шығаруға дейін әкелуі мүмкін.

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Қоғамдық маңызы бар қызмет дегеніміз не?

    Жауап

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 1- бабының 4-1) тармақшасына сәйкес қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет ұғымы – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көр...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қандай әдептік талаптарды қояды?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қа...

    ҚР МҚІА·
    Сұрақ

    Қызмет алушының қандай құқықтары бар?

    Жауап

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 4- бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары: 1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық...

    ҚР МҚІА·