Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізілмейді және кадастрлық паспорт ресімделмейді.
Сонымен қатар, құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда тіркеуші органға (жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынш Мемлекеттік корпорация) осындай сәйкессіздіктерді анықтауға өтініш беруге құқылы, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.
Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығымен бекітілген Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдері (Ережемен осыhttp://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008469 танысуға болады)