Азаматтардың жылжымайтын мүлікті жеделдетілген тәртіппен сатып алуға мәмілелерді рәсімдеу бойынша таңдау құқығы бар, мысалы: сатып алу-сату шарттарын нотариус арқылы да, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары (нотариатсыз мәмілелер арқылы да рәсімдеуге болады).
Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі Заңмен және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерімен белгіленген (Ержелермен танысуға болады http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020610).
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге байланысты мәселелер туындаған жағдайда, азаматтарға жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдарына жүгінуді ұсынамыз.