Азаматтарға ыңғайлы болу үшін заңнамамен «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету) көзделген.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету тәртібі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда және ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 740 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастр ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің мәліметтерін өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында белгіленген (Қағидаларымен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033595).