Жылжымайтын мүлікке қандай құқықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?

    ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке қандай құқықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға сәйкес құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар жатады:

    1) меншік құқығы;

    2) шаруашылық жүргізу құқығы;

    3) оралымды басқару құқығы;

    4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;

    5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.

    Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

    Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген (ережемен танысуға болады http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020610).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 18-баптың 2-тармағына сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделмейді. Т...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаның атқарушы органды өзгерту тәртібі, заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

    Жауап

    «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына 14-2 бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу басшы өзгеруіне деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі...

    Сұрақ

    Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында құқықтық көмек алу рәсімі

    Жауап

    Өз өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының әділет органдары азаматтық және отбасылық істерге қатысты құжаттарды талап ету және жолдау қызметтерін қоса алғанда, құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Шетел мемлекеттері...

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін тегін алу

    Жауап

    Заңда оған құқығы бар адамдар үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі көзделген. Оны алу үшін аумақтық әділет органдарына, адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына жүгіну қажет. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Мемлекет кепі...

    Сұрақ

    Мұраны қабылдау және рәсімдеу процедурасы

    Жауап

    Мұрагерлік іс ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс. Азаматтық кодексінің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (о...

    Сұрақ

    Нотариустың атқару парағын қалай жоюға болады?

    Жауап

    «Нотариат туралы» Заңның 92-6-бабына сәйкес борышкер өтінішті алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылық білдіруі тиіс. Мұны істеуге болады: o Нотариусқа жеке тапсыру; o Тіркелген пошта арқылы жіберу; o Нотариустың электрондық поштасына жіберіңіз. Қарсылық уақтылы беріл...

    Сұрақ

    Мұраны қабылдаудың соңғы мерзімі қандай?

    Жауап

    Мұра азамат қайтыс болды деп болжанған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (АК-тің 1042-бабының 2-тармағы) мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда – азамат қайтыс болды деп жарияланған соттың...

    Сұрақ

    Жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық қалай тіркеледі?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 3-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады. Заңның 68-бабы аяқталған құрылыс нысаны пайдалануға қабыл...