Қолданыстағы заңнамада бұрын тіркелген заңды тұлғаның атауын пайдалану бойынша шектеулер қарастырылған.
Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» веб-порталында «Бизнесті тіркеу және дамыту» бетбелгісінде заңды тұлға атауының тіркелген заңды тұлға атауымен сәйкестігін тексеру бойынша қызмет іске асырылады.
Тұлғалар тіркелу алдында құрылатын ЖШС атауын анықтап, осы порталда сәйкестікке (елеулі бөлігінде қайталануына) тексеру жүргізу қажет.
( Анықтама: Азаматтық кодекстың 38-бабының 2-тармағы. Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың атауын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады).