«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 6-1-бабына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін: толтырылған өтініш, міндетті түрде банктік "шот" ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш беріледі. ЗТ мемлекеттік тіркеу туралы анықтама берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Анықтама оның берілген күні, тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу күні, ЗТ атауы және орналасқан жері, басшылары мен құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтиды.
Бұл ретте қандай да бір құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптар тіркеуші органға тапсырылмайды.