«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның ережелеріне сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, оның ішінде жалдау құқығы жатады.
Азаматтық кодекстің 172-бабының 1-тармағымен заңнамада, мәміледе белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз туындауы тиіс оқиғаны көрсетумен айқындалады.
Жылдармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде аяқталады (АК 174-бабының 1-тармағы).
Жалдау шартының мерзімі бір жылдан кем (2025 ж. 01.01. бастап 2025ж. 31.12. дейін) екенін ескере отырып, мұндай шарт мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Сонымен қатар, егер тараптар ұзақ мерзімді қарым-қатынасты жоспарласа, қажетті ұзақтық мерзімін дереу белгілеп, жалдау шартын тіркеуді ұсынамыз.