Қоғамдық бірлестікті қалай тіркеуге болады?

    ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті

    Сұрақ

    Қоғамдық бірлестікті қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша кемінде 3 адамнан құрылады.

    Қазақстанда республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.

    Республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктерді тіркеу Әділет министрлігімен жүзеге асырылады.

    Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді тіркеу Әділет департаменттерімен жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады .

    Қазақстан Республикасының облыстардың жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады.

    Қазақстан Республикасының бір облыс, шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жергілікті қоғамдық бірлестіктерге жатады (мәртебені растау талап етілмейді).

    Тіркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер филиалдарды (өкілдіктер) тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері Әділет министрлігіне ұсынуға міндетті.

    Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

    - өтініш;

    - құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданғанжарғы;

    - съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференцияның, жиналыстың) хаттамасы;

    - тегі,аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефондар, жеке қолыкөрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі;

    - қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;

    - мемлекеттік тіркеу үшінбюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат (6,5 АЕК х3932=25558 теңге).

    Қоғамдық бірлестікті тіркеуге құжаттар, тіркеуші органға «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ филиалдары арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынылады.

    (ережелерменhttp://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020771#z22 танысуға болады).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 18-баптың 2-тармағына сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделмейді. Т...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаның атқарушы органды өзгерту тәртібі, заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

    Жауап

    «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына 14-2 бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу басшы өзгеруіне деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі...

    Сұрақ

    Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында құқықтық көмек алу рәсімі

    Жауап

    Өз өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының әділет органдары азаматтық және отбасылық істерге қатысты құжаттарды талап ету және жолдау қызметтерін қоса алғанда, құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Шетел мемлекеттері...

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін тегін алу

    Жауап

    Заңда оған құқығы бар адамдар үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі көзделген. Оны алу үшін аумақтық әділет органдарына, адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына жүгіну қажет. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Мемлекет кепі...

    Сұрақ

    Мұраны қабылдау және рәсімдеу процедурасы

    Жауап

    Мұрагерлік іс ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс. Азаматтық кодексінің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (о...

    Сұрақ

    Нотариустың атқару парағын қалай жоюға болады?

    Жауап

    «Нотариат туралы» Заңның 92-6-бабына сәйкес борышкер өтінішті алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылық білдіруі тиіс. Мұны істеуге болады: o Нотариусқа жеке тапсыру; o Тіркелген пошта арқылы жіберу; o Нотариустың электрондық поштасына жіберіңіз. Қарсылық уақтылы беріл...

    Сұрақ

    Мұраны қабылдаудың соңғы мерзімі қандай?

    Жауап

    Мұра азамат қайтыс болды деп болжанған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күні ашылған жағдайда (АК-тің 1042-бабының 2-тармағы) мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда – азамат қайтыс болды деп жарияланған соттың...

    Сұрақ

    Жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық қалай тіркеледі?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 3-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады. Заңның 68-бабы аяқталған құрылыс нысаны пайдалануға қабыл...