Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) кiмге көрсетiледi?

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) кiмге көрсетiледi?

    Жауап

    Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады.

    Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi:

    1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:

    - зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай;

    - 1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса.

    2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады:

    - отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы;

    - отбасы құрамы туралы.

    Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып:

    - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу;

    - аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы.

    Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер грант алушы грант қаражатын толық көлемде нысаналы мақсатта пайдаланбаса немесе оны тек ішінара ғана пайдаланса, қандай шаралар қабылдау қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының» 2-тарауының 2-параграфын...

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс орындар квотасы шеңберінде кімдер жұмысқа орналаса алады?

    Жауап

    Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №207 қаулысына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысаны және меншік нысанына қарамастан Абай облысының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру...

    ·
    Сұрақ

    «Қандас» мәртебесін алу құқығына кімдер ие?

    Жауап

    Қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақтар және (немесе) олардың ұлты қазақ отбасы мүшелері. Қандас мәртебесін беруге өтініштерді қабылдау: - шет елдердегі мекемел...

    ·
    Сұрақ

    Инватакси қызметтері кімге беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағиданың 4-тарауының 28,29 тармақтарына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс, оқу...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі грантты кімдер ала алады?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған 400 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріндегі грантты алуға тіркелген жұмыссыздар немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Сондай-ақ үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: - мүгедектігі бар...

    ·
    Сұрақ

    Үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер қандай санаттағы азаматтарға көрсетіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 1 - тарауының 2 - тармағына сә...

    ·
    Сұрақ

    Жеке көмекші ретінде қандай адамдарға жұмыс істеуге рұқсат етілмейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 163-бабының 2-тармағына сәйкес, жеке көмекші қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын көлемде ұсынылады. Жеке көмекші бола...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, аза...

    ·