Қоғамдық бақылау нәтижелері қалай ресімделеді?

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық бақылау нәтижелері қалай ресімделеді?

    Жауап

    Қоғамдық бақылау процесі аяқталғаннан кейін қоғамдық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстарды қамтитын хат, қорытынды, хаттама және т.б. түрінде болуы мүмкін қорытынды құжат әзірленеді.

    ■ Қорытынды құжатқа:

    - қоғамдық бақылауды жүзеге асыру күні, уақыты және орны, қоғамдық бақылаудың міндеттері туралы ақпарат;

    - қоғамдық бақылау субъектілерінің тізімі және олардың заң талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат;

    - қоғамдық бақылау нысандары туралы ақпарат;

    - қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде анықталған фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат;

    - қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде алынған өзге де құжаттар қоса беріледі.

    ■ Қоғамдық бақылау субъектісі қорытынды құжатты қоғамдық бақылау объектісіне қоғамдық бақылау аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, қазақ тілінде және (немесе) басқа да тілдерде жібереді.

    Қорытынды құжат қоғамдық бақылау объектілерінің қарауы үшін міндетті болып т абылады.

    ■ Қоғамдық бақылау объектілері қорытынды құжатты алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, қоғамдық бақылау субъектісіне әрбір ұсыным бойынша жеке-жеке уәжделген жауап жібереді.

    ■ Қоғамдық бақылау объектілері қорытынды құжатта көрсетілген мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті түрде қарау үшін шаралар қабылдауға және қоғамдық бақылау субъектісіне, егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбаса, оның ұсынымдарын тыңдау нысанында қарауға қатысу мүмкіндігін беруге міндетті.

    ■ Тыңдау қоғамдық бақылау субъектісін шақыру арқылы, оның ішінде бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    ■ Қоғамдық бақылау субъектісі тыңдау туралы алдын ала, бірақ қорытынды құжатты қарау жөніндегі шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

    Қорытынды құжатты қарау қорытындысы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда тыңдау рәсімі өткізілмейді.

    ■ Қоғамдық бақылау объектісі қорытынды құжатты қараудан бас тартқан жағдайда қоғамдық бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға шағым жіберуге құқығы бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының спортшысы бір жыл ішінде бірнеше жоғары спорттық нәтиже көрсетсе, бірнеше ай сайынғы ақшалай төлем ала ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының спортшысы бір мезгілде бірнеше ай сайынғы ақшалай төлем ала алмайды. Егер ұлттық құраманың спортшысы бір күнтізбелік жыл ішінде бірнеше жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізсе, оның ішінде әртүрлі спорт түрлері бойынша да болса, ай са...

    ·
    Сұрақ

    Спортшы тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда оны басқа облысқа ауыстыруға бола ма?

    Жауап

    Спортшыны тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты басқа облысқа ауыстыруға болмайды, себебі бұл негіз қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен бекітілген «Спорттық...

    ·
    Сұрақ

    Шығыс Қазақстан облысында стрэнглифтинг және Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстарды Қазақстанның ресми спорт жүйесі аясында өткізуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Стрэнглифтинг және Со-Киокушинкай каратэ бойынша жарыстар ресми спорттық жарыстар болып табылмайды. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар спорт түрлері тізбесіне...

    ·
    Сұрақ

    Жеке клубтың спорт секциясына қатысу үшін баланың биометриялық сәйкестендіруден өтуін талап ету заңды ма?

    Жауап

    Баланың биометриялық сәйкестендіруден өтуі туралы талап заңды, бірақ ата-анасының ерікті келісімі болған жағдайда ғана. Егер ата-аналар міндетті биометрия көрсетілген шартқа қол қоймаса-талап заңсыз. Егер қол қойылса, бұл келісім болып саналады, бірақ ата-аналар кез келген уақытт...

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық мониторинг қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Қоғамдық мониторинг дегеніміз - адамдардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қоғамдық бақылау объектілері қызметінің барысын бақылау. Қоғамдық мониторинг қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдеріне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау жол...

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық сараптама қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Қоғамдық бақылау объектілерінің қызмет барысында қабылданатын, шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілері мен шешімдері қоғамдық сараптаманың нысанасы болып табылады. ■ Тиісті салада жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, т...

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық талқылау қалай өткізіледі?

    Жауап

    Қоғамдық талқылау қоғамдық бақылау объектілерінің шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілері мен шешімдерін жария қарауды ұйымдастыру мақсатында өткізіледі. ■ Қоғамдық талқылаудың тақырыбы, күні, уақыты, орны мен нысаны туралы ақпарат және қоға...

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық бақылау кімнің есебінен жүзеге асырылады?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Заңға сәйкес қоғамдық бақылау субъектісі қоғамдық бақылау жүргізуге тікелей жауапты болады. Қоғамдық бақылауды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету қоғамдық бақылау субъектілерінің қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Ре...

    ·