Қоғамдық талқылау қалай өткізіледі?
Қоғамдық талқылау қоғамдық бақылау объектілерінің шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілері мен шешімдерін жария қарауды ұйымдастыру мақсатында өткізіледі.
■ Қоғамдық талқылаудың тақырыбы, күні, уақыты, орны мен нысаны туралы ақпарат және қоғамдық талқылау мәселесіне қатысты ақпарат БАҚ-та қоғамдық талқылау өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылуға тиіс.
■ Қоғамдық бақылау субъектісінің хабарламасы мен шақыруы қоғамдық талқылау өткізілетін күнге дейін қоғамдық бақылау объектісіне 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
■ қоғамдық бақылау объектілері қатыса алады, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша ұйымға (қоғамдық бақылау субъектісіне) жәрдем көрсете алады.