Қоғамдық сараптама қалай жүргізіледі?
Қоғамдық бақылау объектілерінің қызмет барысында қабылданатын, шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілері мен шешімдері қоғамдық сараптаманың нысанасы болып табылады.
■ Тиісті салада жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тиісті салада кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, қоғамдық сараптама пәні бойынша ғылыми және (немесе) практикалық білімі бар жеке тұлға сарапшы бола алады.
■ сарапшылардың қорытындыларын қамтитын қоғамдық сараптаманың қорытындысы қорытынды құжат түрінде ресімделеді және қарау үшін қоғамдық бақылау объектілеріне жіберіледі.