Қоғамдық мониторинг дегеніміз - адамдардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қоғамдық бақылау объектілері қызметінің барысын бақылау.
Қоғамдық мониторинг қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдеріне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау жолымен жүргізіледі.
Қоғамдық бақылау объектісінің аумағы мен үй-жайларына барумен қоғамдық мониторинг қажет болған жағдайда қоғамдық бақылау объектісімен келісім бойынша жүргізіледі.
Қоғамдық бақылау объектісінің аумағы мен үй жайларына барумен қоғамдық мониторингті жүзеге асыруға келісу туралы өтінішке:
- қоғамдық бақылау субъектілерінің тізімі;
- Заңның 6-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат;
- қоғамдық бақылау объектісіне бару қажеттілігінің негіздемесі қоса беріледі.
Қоғамдық бақылау объектілерінің алдыңғы қоғамдық мониторинг жүргізілген кезден бастап алты ай ішінде сол бір ғана объектіге барып не сол бір ғана мәселе бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу жағдайында қоғамдық бақылау объектісінің аумағы мен үй-жайларына баруға рұқсат бермеуге құқығы бар.