Тұмауға қарсы егуді қашан алу керек?
Тұмауға қарсы егуді күзде, қыркүйек – қазан айларында, яғни, тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі басталғанға дейін алған жөн. Вакцинациядан кейін 2-3 апта ішінде тұмау вирустарына қарсы антиденелердің қорғаныс деңгейі қалыптасады, бұл аурудан 6-12 ай бойы қорғауды қамтамасыз етеді.