Вакциналарды сақтау және тасымалдау үшін белгілі бір жағдайларды қажет етіледі. Вакциналарды қоймаларда сақтау санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келе ме?
Вакциналарды сақтайтын және тасымалдайтын (жеткізушілердің қоймалары), иммундауды жүргізетін ( емханалар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, ФАП-лар) барлық ұйымдар эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілерге жатады және жылына кемінде 2 рет тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің аумақтық органдарының тексеруіне жатады. Сақтау мен тасымалдаудың барлық кезеңдерінде вакциналар суық тізбектің талаптарын сақтай отырып тасымалданады(яғни +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада суықта).
Вакциналарды сақтайтын барлық орындарда (қоймаларда) арнайы тоңазытқыш жабдықтары (камералар, бөлмелер, тоңазытқыштар, мұздатқыштар) болады, онда күніне екі рет оңтайлы температуралық режим сақталуы тексеріледі.
Барлық егу кабинеттері (қаладағы да, ауылдағы да) вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен және вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен қамтамасыз етілген.