Биыл қандай вакциналар қолданылуда?
Жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы иммундау жүргізуге қаржы бөлінеді. Ағымдағы эпидемиялық маусымда 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан «Гриппол плюс» вакцинасының 165 000-нан астам дозасы сатып алынды, тұмауға қарсы иммундау Ресей, Қазақстан, Беларусь және т.б. елдерде профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелері шеңберінде қолданылады.
Вакцина 6 айдан асқан балаларда, жүкті әйелдерде, қарттарда, ересектерде және созылмалы соматикалық аурулармен жиі ауыратын балаларда тұмаудың алдын алуға арналған. Вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері, әдетте 8-12 күннен кейін дамиды және 12 айға дейін сақталады.