Тамақтан улану дегеніміз не?
Микробтармен және олардың токсиндерімен, яғни адамнан адамға берілмейтін улармен ластанған тамақ өнімдерін тұтыну нәтижесінде пайда болатын ауру.
Тағамнан уланудың жалпы белгілері?
Жедел, кенеттен басталуы, тез жазылуы, бір мезгілде белгілі бір адамдар тобында аурудың басталуы, жедел қысқа ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, тамақтан улануға себеп болған өнімді алып тастағаннан кейін аурудың тоқтауы.