Тұмауға қарсы вакцинация көмектесе ме?
Вакцинация тұмаудың ең сенімді қорғанысы болып табылады. Алайда, нақты профилактика 100% қорғауға кепілдік бермейтінін түсіну маңызды, себебі: вакцинациядан кейінгі иммундық жауап тек вакцинада болған штаммдарға ғана қалыптасады, вакцинацияланғандардың барлығында жеткілікті тиімді иммундық жауап дамымайды; жеке адамдарда, әсіресе егде жастағы адамдарда тұмауға қарсы вакциналар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді қорғанысты береді. Тұмауға қарсы вакцинациялаудың негізігі мақсаты - сырқаттанушылықты және өлімді азайту екенін білген жөн.