Тұмаумен сырқаттанып қалса ше?
Егер, Сіз тұмаумен сырқаттансаңыз, онда өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін және асқынулардың алдын алу мақсатында, үйде болыңыз. Отбасы мүшелерінінен, өзгелерден мүмкіндігінше оқшауланып, дәрігерге хабарласыңыз. Есіңізде болсын, тұмаумен өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. Дәрігер диагноз қойып, қажетті емдеуді тағайындауы керек.