Мен рейтингтік журналға мақала жариялағым келеді. Thomson Reuters, Scopus дерекқорында импакт-факторы бар журналдардың тізімін қайдан танысуға болады?
Қазіргі уақытта университеттер мен ғылыми ұйымдардың көпшілігі Thomson Reuters ақпараттық компанияларының деректер базасына және Scopus деректер базасына еркін қол жеткізе алады. Тегін қолжетімділікке қосылуды Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ұйымдастырады, Алматы қаласы бойынша байланыс телефондары 8-727-3780509, 3780547.
Ұйымдастырылған қол жеткізу арқылы сіз Thomson Reuters (Web of Science) дерекқорынан да, Scopus дерекқорынан да өз салаңызға қызығушылық тудыратын кез келген журналдарды тегін таба аласыз.