Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардан қалай құтылуға болады?
- Су басқан жерлерде бұлақтардың суын ішпеу және табиғи су қоймаларының суын шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланбау, ауыз су үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
- Азық-түлік, әсіресе тез бұзылатын өнімдердің мынадайережелерін сақтау қажет: су тасқыны кезеңінде электрмен және газбен жабдықтауда проблемалар туындауы мүмкін екенін ескере отырып, тоңазытқыш болмаған кезде өнімді сақтау мүмкіндігін және термиялық өңдеуді қажет етпейтін консервілердің қорын қамтамасыз етуді алдын ала қарастырыңыз.
- Азық-түлікті сақтау кезінде олардың жәндіктермен, кеміргіштермен және басқа жануарлармен жанасуын болдыртпау қажет. Су тасқыны кезінде суда қалған тағамды жеуге болмайды.
- Тағам дайындау үшін, сондай-ақ ыдыстарды жуу үшін суды тек тексерілген сумен жабдықтау жүйелерінен пайдаланыңыз (ешқашан құдық суын пайдаланбаңыз).
- Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаңыз (үй бақшаларында жұмыс істегеннен кейін және дәретханадан соң, жануарлармен байланыста болған соң, тамақ дайындау және жеу алдында қолды сабынмен жақсылап жуу).
- Үй бақшасында жұмыс істеген кезде, қолға қорғау құралдарын пайдалану қажет, жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз және темекі шекпеңіз, өйткені ластанған қолдың инфекциясы ағзаға түспеуі керек.
- Су тасқыны кезінде су басқан үй бақшаларында өсірілген көкөністер мен жидектерді қайнаған сумен жақсылап жуу және көкөністер мен жемістерд ішикі күйінде жемес бұрын оларды жақсылап сумен жуып, қайнаған суға салып алады.
- Тасқын суы басқан шаруашылық учаскелерінде өсірілген көкөністер мен жидектерді жақсылап жуып, қайнаған су құйып, көкөністер мен жемістерді шикі күйінде жеген кезде де оларды жақсылап сумен жуып, қайнаған сумен құйып тастау керек.
- Егер жұқпалы аурудың, мәселен, дене температурасының жоғарылауы, құсу, іштің ауыруы, іштің өтуі, және т.б. белгілер пайда болса дереу дәрігерге хабарласыңыз.