Неліктен алдын ала және мерзімді медициналық тексеру жүргізіледі?

    ·
    Сұрақ

    Неліктен алдын ала және мерзімді медициналық тексеру жүргізіледі?

    Жауап

    Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын,
    сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық
    зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе)
    қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті
    алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық
    қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала
    міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету
    қағидаларын бекіту туралы
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы
    No ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сай, алдын ала міндетті медициналық тексерулер жұмысқа немесе оқуға жіберілген кезде кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік және жұқпалы және паразиттік аурулардың таралмауының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
    Мерзімді міндетті медициналық тексерулер қызметкерлердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік және жұқпалы және паразиттік аурулардың таралмауының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
    Мерзімді тексерулер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес белгіленген нысаналы топтарға байланысты 6 және 12 ай сайын аралықпен жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жазғы сауықтыру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жай-күйін бағалау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Дене дамуын бағалау кезінде дене салмағының дене ұзындығына квадратпен қатынасы – Кетле индексі анықталады. Дене дамуының үйлесімділігін куәландыратын Кетле индексінің нормасы (шаршы метрге килограммен (бұдан әрі-кг/м2)): 1) екі жынысты 6-8 жастағы балалар – 16 (кг/м2); 2) екі жы...

    ·
    Сұрақ

    Балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарының медицина қызметкерлері қандай функцияларды орындайды?

    Жауап

    Жазғы сауықтыру лагерьлерінің медицина қызметкерлері балалардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларын әзірлейді; ауыз су режимі мен тамақтануы, үй-жайлардың, аумақтың, суға шомылу және спортпен шұғылдану орынд...

    ·
    Сұрақ

    Жаз мезгілінде Жамбыл облысында қай жерлерде шомылуға болады?

    Жауап

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы №168 қаулысымен көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер тізімі бекітілген. Осы жерлерде сақтық шараларын сақтай отырып демалуларыңызға болады. Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы к...

    ·
    Сұрақ

    Мектеп ас блогының қызметкерлеріне қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Білім беру объектілерінің ас блоктарындағы технологиялық операцияларға орындалатын жұмыстардың сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығы (біліктілігі, мамандығы) бар және қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптарын сақтайтын персонал тартылады. Ас блогының әр қызметкері мед...

    ·
    Сұрақ

    Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардан қалай құтылуға болады?

    Жауап

    Су басқан жерлерде бұлақтардың суын ішпеу және табиғи су қоймаларының суын шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланбау, ауыз су үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану. Азық-түлік, әсіресе тез бұзылатын өнімдердің мынадайережелерін сақтау қажет: су тасқыны кезеңінде эл...

    ·
    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттар қай күндері қабылданады, жұмыс кестесін білуге болады ма?

    Жауап

    «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жұмыс кестесі төмендегіше жүргізіледі:...

    ·