Мектеп ас блогының қызметкерлеріне қандай талаптар қойылады?

    ·
    Сұрақ

    Мектеп ас блогының қызметкерлеріне қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Білім беру объектілерінің ас блоктарындағы технологиялық операцияларға орындалатын жұмыстардың сипатына сәйкес келетін кәсіптік даярлығы (біліктілігі, мамандығы) бар және қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптарын сақтайтын персонал тартылады. Ас блогының әр қызметкері медициналық тексеруден және гигиеналық оқудан өтуі керек.

    Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді, тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде медицина қызметкерін, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен айқындалады.

    Объектіде маусымдық (жаз – күз, қыс – көктем) ұтымды, теңдестірілген екі апталық мәзір жасалады. Күн сайын тамақтану залында объектінің басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың атаулары, әрбір дайын тағамның шығуы көрсетіледі.

    Барлық білім беру объектілерінде асхана персоналының еңбек жағдайларын және жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін жағдайлар жасалуға тиіс. Ас блогының қызметкерлері, техникалық персонал жеке заттарынан бөлек сақталатын арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күртеше, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі. Ас блоктарында қол жуу үшін қолжуғыш раковиналар орнатылады, қол жууға және кептіруге арналған құралдармен қамтамасыз етіледі.

    Объектіден шыққан кезде және дәретханаға барар алдында персонал арнайы киімін шешіп, жұмыс басталар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен және ластанған заттармен жанасқаннан кейін қолдарын сабынмен жууы қажет. Асхана қызметкерлері шаштарын қалпақтың немесе орамалдың астына жинап, әшекейлерді (сағаттар, сақиналар, білезіктер) шешіп, тырнақтарын қысқа кесіп, лакпен жаппауы тиіс. Шикізатқа және дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін арнайы киімді түйреуішпен, инемен түймелеуге және халаттың қалтасында жеке тұрмыстық заттарды сақтауға болмайды.

    Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақ дайындауға, көкөністерді тазалауға, дайын тамақты таратуға, нан кесуге, ыдыс жууға, өндірістік үй-жайларды жинауға байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жазғы сауықтыру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жай-күйін бағалау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Дене дамуын бағалау кезінде дене салмағының дене ұзындығына квадратпен қатынасы – Кетле индексі анықталады. Дене дамуының үйлесімділігін куәландыратын Кетле индексінің нормасы (шаршы метрге килограммен (бұдан әрі-кг/м2)): 1) екі жынысты 6-8 жастағы балалар – 16 (кг/м2); 2) екі жы...

    ·
    Сұрақ

    Балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарының медицина қызметкерлері қандай функцияларды орындайды?

    Жауап

    Жазғы сауықтыру лагерьлерінің медицина қызметкерлері балалардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларын әзірлейді; ауыз су режимі мен тамақтануы, үй-жайлардың, аумақтың, суға шомылу және спортпен шұғылдану орынд...

    ·
    Сұрақ

    Жаз мезгілінде Жамбыл облысында қай жерлерде шомылуға болады?

    Жауап

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы №168 қаулысымен көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер тізімі бекітілген. Осы жерлерде сақтық шараларын сақтай отырып демалуларыңызға болады. Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы к...

    ·
    Сұрақ

    Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардан қалай құтылуға болады?

    Жауап

    Су басқан жерлерде бұлақтардың суын ішпеу және табиғи су қоймаларының суын шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланбау, ауыз су үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану. Азық-түлік, әсіресе тез бұзылатын өнімдердің мынадайережелерін сақтау қажет: су тасқыны кезеңінде эл...

    ·
    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттар қай күндері қабылданады, жұмыс кестесін білуге болады ма?

    Жауап

    «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жұмыс кестесі төмендегіше жүргізіледі:...

    ·
    Сұрақ

    Неліктен алдын ала және мерзімді медициналық тексеру жүргізіледі?

    Жауап

    Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын,сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдықзерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе)қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа ор...

    ·