Қазақстанда нені мұраға қалдыруға болмайды?
Тыйым салынған бес сала бар: - заңды тұлға болып табылатын ұйымдарға мүшелік құқықтары; - өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу құқығы; - алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер; - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдар негізінде зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да төлемдерге құқығы; - мүліктік құқықтармен байланысты емес жеке мүліктік емес құқықтар (қозғалыс бостандығы және тұрғылықты жерін таңдау құқығы, заңды тұлғаларды құру құқығы, материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап ету құқығы және т.б.).