Аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

    ·
    Сұрақ

    Аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

    Жауап

    Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", Алматы қаласында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және мөлшерлерін белгілеу бойынша " жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 20 айлық есептік көрсеткіш (53 020 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
    Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша басқарманың аудандық бөліміне келесі құжаттармен қоса өтініш ұсыну қажет:
    - жеке басын куәландыратын құжат;
    - тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
    - адамның (отбасының)құрамы туралы мәліметтер;
    - адамның (отбасы мүшелерінің)табыстары туралы мәліметтер;
    - өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және / немесе құжат.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандастарға материалдық көмек: жеңілдіктер, жәрдемақы, төлемдер түрлері бар?

    Жауап

    Қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне келесі қосымша материалдық көмек беріледі. Жергілікті атқарушы органдар қандастарды қабылдау квотасынан тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтығын қабылдау туралы шешімді шығарға...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандағы қандастарға қандай мемлекеттік қолдау көмек, жеңілдіктер, бейімделу Баспаға шығару нұсқасы бар?

    Жауап

    Қандастар төменде сипатталған мемлекеттен квоталар мен жеңілдіктерге құқылы. "Қандас мәртебесін" алған тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келесімен қамтамасыз етіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғау. Қандастарды бейімдеу және біріктіру орталықтар...

    ·
    Сұрақ

    Егер сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысқыңыз келсе

    Жауап

    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдаманы сіз тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қаласының аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінен ала аласыз.Ұсынылатын бағыттар:1. Жастар практикасына;2. Қоғамдық жұмыстарға;3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналас...

    ·
    Сұрақ

    Егер сіз студент болып жұмыс іздесеңіз?

    Жауап

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде студенттер оқудан бос уақытта және оқу процесін бұзбайтын қоғамдық жұмыстарға қатыса алады (Шартқа сәйкес 4 сағат).

    ·
    Сұрақ

    Как найти работу? Қандай уақытша жұмыс орындары бар?

    Жауап

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген адамдарға жұмысқа орналасуға, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсі...

    ·
    Сұрақ

    Егер жұмыс беруші Еңбек кодексін/келісімшартты бұзса не істеу керек?

    Жауап

    Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы әкімш...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегі- V Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және көрсету Қағидалары негізінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу үшін...

    ·