Мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету қалай жүзеге асады?
Зейнеткерлік жастағы адамдарға және жалпы үлгідегі мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандарттың 5-тармағына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге (бұдан әрі – АӘҚ) мұқтаж деп танылған адамдар АӘҚ кепілдік берілген көлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш береді. Ол үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:- Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қызмет алушының өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе сәйкестендіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген цифрлық құжаттар сервисіндегі оның электрондық нұсқасы;
- Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзіндісі бар медициналық карта.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында стационар жағдайында АӘҚ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты АӘҚ-қа мұқтаж I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлік жасқа жеткен қарт адамдарға (Қазақстан Республикасының аумағында тұратын еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары болмаған жағдайда) «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы» медициналық-әлеуметтік мекемесінде көрсетіледі. Мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұру қағидаларына сәйкес тұруға медициналық қарсы көрсетілімдерге туберкулездің белсенді сатысы, мінез-құлық пен мүдделердің өрескел бұзылуымен және/немесе өзіне және/немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін жедел психоздық симптомдармен (сандырақ, галлюцинациялар) қатар жүретін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, әртүрлі этиологиядағы құрысу синдромдары (деменциясыз және айқын тұлғалық өзгерістерсіз, сирек ұстамалары бар – 2–3 айда бір реттен жиі емес нысандарды қоспағанда), карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың инфекциялық аурулары, венерологиялық аурулар, АИТВ/ЖИТС, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы жатады.
Балаларға және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жалғызбасты қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында үйде қызмет көрсету жағдайында АӘҚ балаларға және I және II топтағы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға «Аяла және Парасат» әлеуметтік қызметтер орталығы» медициналық-әлеуметтік мекемесінде және Алматы қаласы әкімінің аудандық аппараттарында көрсетіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) кепілдік берілген көлемін алу үшін Стандарттың 5-тармағына сәйкес тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш беру қажет:
- Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қызмет алушының өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша амбулаториялық картадан немесе ауру тарихынан үзіндісі бар медициналық карта;
- балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
- мүгедектікті белгілеу туралы құжат;
- жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ);
- он сегіз жастан асқан адамдар үшін – адамды әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда сот шешімі туралы құжат (бар болған жағдайда).
Мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандарттың 5-тармағына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге (бұдан әрі – АӘҚ) мұқтаж деп танылған адамдар АӘҚ кепілдік берілген көлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтініш береді. Ол үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;
туу туралы куәліктің көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
- мүгедектігі бар адамның жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасынан үзінді (егде жастағы адамдар үшін талап етілмейді);
- он сегіз жастан асқан адамдар үшін – адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
- зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәліктің көшірмесі;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға – Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедектігі бар қатысушысы және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында стационар жағдайында АӘҚ мүгедектігі бар балаларға «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында, сондай-ақ 18 жастан асқан I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығында және «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығында көрсетіледі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады. Түпнұсқалармен салыстырылғаннан кейін көшірмелері қайтарылады.
Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ) медициналық-әлеуметтік сараптаманың аумақтық бөлімшесімен медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша әзірленеді. Қажет болған жағдайда ЖАОБ-ға тиісті әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде үйде, стационар және жартылай стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер енгізілуі мүмкін.