Қандастарға материалдық көмек: жеңілдіктер, жәрдемақы, төлемдер түрлері бар?

    ·
    Сұрақ

    Қандастарға материалдық көмек: жеңілдіктер, жәрдемақы, төлемдер түрлері бар?

    Жауап

    Қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне келесі қосымша материалдық көмек беріледі. Жергілікті атқарушы органдар қандастарды қабылдау квотасынан тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтығын қабылдау туралы шешімді шығарғаннан кейін тұрақты тұрғылықты жеріне бару және мүлікті тасымалдау бойынша шығындарды өтеуді қамтитын бір жолғы жәрдемақыларды белгілей алады.
    Жәрдемақы төлеу тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекітеді.
    Қандастардын көшіп келу квотасына енгізілген қандастар мен олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына кіру кезінде көлік құралдарын қоса алғанда жеке пайдалануға арналған мүлікке кеден төлемдерін төлеуден босатылады.
    Қандастарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген отбасыларға 2017-2021 жылдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау шарасы көрсетіледі:

    • көшу үшін – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК бір жолғы төлем.

    . тұрғын үй жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын жабу үшін, ол ай сайын 12 ай ішінде 15-30 АЕК аралығында бір отбасына төленеді.

    "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбастыларға бір рет жетпіс АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек отағасына және әрбір отбасы мүшесіне беріледі.
    Көшуге материалдық көмек "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
    "Еңбек" бағдарламасына қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

    1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

    бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;

    отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;

    отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

    2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

    бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;

    отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;

    отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

    Ерікті түрде қоныс аударғанда мемлекеттік қолдау шаралары "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне бір рет көрсетіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстандағы қандастарға қандай мемлекеттік қолдау көмек, жеңілдіктер, бейімделу Баспаға шығару нұсқасы бар?

    Жауап

    Қандастар төменде сипатталған мемлекеттен квоталар мен жеңілдіктерге құқылы. "Қандас мәртебесін" алған тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келесімен қамтамасыз етіледі: Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғау. Қандастарды бейімдеу және біріктіру орталықтар...

    ·
    Сұрақ

    Егер сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысқыңыз келсе

    Жауап

    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдаманы сіз тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қаласының аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінен ала аласыз.Ұсынылатын бағыттар:1. Жастар практикасына;2. Қоғамдық жұмыстарға;3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналас...

    ·
    Сұрақ

    Егер сіз студент болып жұмыс іздесеңіз?

    Жауап

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде студенттер оқудан бос уақытта және оқу процесін бұзбайтын қоғамдық жұмыстарға қатыса алады (Шартқа сәйкес 4 сағат).

    ·
    Сұрақ

    Как найти работу? Қандай уақытша жұмыс орындары бар?

    Жауап

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген адамдарға жұмысқа орналасуға, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсі...

    ·
    Сұрақ

    Егер жұмыс беруші Еңбек кодексін/келісімшартты бұзса не істеу керек?

    Жауап

    Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы әкімш...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегі- V Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және көрсету Қағидалары негізінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу үшін...

    ·
    Сұрақ

    Аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек қалай беріледі?

    Жауап

    Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында әлеуметтік әл-ауқат басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгіле...

    ·