Тұрғын үй көмегі- V Алматы қаласы мәслихатының XXVII сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және көрсету Қағидалары негізінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарды өтеу үшін, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы Ол жоғарыда көрсетілген Қызметтерді төлеуге арналған шығыстар отбасы бюджетінде отбасының жиынтық табысының 5 пайыздық үлесінен асқан жағдайда ұсынылады.
Бұл дегеніміз, егер әлеуметтік нормалар бойынша коммуналдық қызметтер үшін төлем отбасы табысының 5% - ынан асатын болса, онда тұрғын үй көмегі қажет.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтінішпен жүгініп, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1)өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
2) отбасының табысын растайтын құжаттар;
3) жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
6) зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
7) банктік шот;
8)тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың көшірмесі;
10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
11) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.