Егер жұмыс беруші Еңбек кодексін/келісімшартты бұзса не істеу керек?
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы әкімшілік бұзушылықтар туралы кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен жауапты болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап пайда болды деп саналады.