Су құбыры немесе кәріз жүйесіне өз бетінше қосылуға болады ма
Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу тек жеткізуші берген техникалық шарттар болған жағдайда және оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Өз бетінше қосылу деп мыналар танылады:
жеткізушінің рұқсатынсыз қосылу;
немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып қосылу.
Мұндай заң бұзушылық мынадай салдарға әкеп соғады:
сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінен ажырату;
қызметтер үшін есептік нормалар бойынша ақы есептеу;
келтірілген залалды өтеу;
әкімшілік жауапкершілік.
Мысалы:Азамат тиісті ұйымның рұқсатын алмай және оның өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етпей, сумен жабдықтау желісіне өз бетінше қосылған.
Орталықтандырылған су құбырына немесе кәріз жүйесіне өз бетінше қосылмауы керек. Қосылу жұмыстарын жеткізушімен келісіп, техникалық талаптарды сақтай отырып жүргізу қажет. Заңсыз қосылған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Рұқсатсыз қосылу басқа тұтынушылардың сумен жабдықталуына және су құбырларына зақым келтіреді.
Мақсаты:Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне заңды қосылу тәртібін түсіндіру және өз бетінше қосылудың құқық бұзушылық екенін, сондай әрекеттердің ажырату, есептеу, залалды өтеу және әкімшілік жауапкершілік сияқты салдарға әкелетінін көрсету.