Жұмысқа орналастыру

    ·
    Сұрақ

    Жұмысқа орналастыру

    Жауап

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде:1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы құжаттардың негізінде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.


    Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабарлай отырып, өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

    Сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқытуға жіберу, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберу.

    Сонымен қатар, сіз өзіңіз жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылады (www.enbek.kz), оларды пайдалана отырып, сіз жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие боласыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана рұқсат етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беру тек электрмен жабдықтау желілері болған жағдайда ғ...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу мәселесі бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 128-бабына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады: облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа та...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үймен қамту бойынша

    Жауап

    Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім, соның ішінде коммуналдық тұ...

    ·
    Сұрақ

    Шатыр жөндеу бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 14) тармақшасына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (қасбеттер, шатырлар, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, шатыр асты, техникалық қабатт...

    ·
    Сұрақ

    Қаланың жолдары қашан жөнделеді?

    Жауап

    Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы көптеген сұрақтар туғызып отырғанын түсінеміз. Шұңқырлардың пайда болуы өткен жылғы жылу және сумен жабдықтау құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты. Бұл жұмыстар күз айының соңында, жер қатқан кезде аяқталғандықтан, қазір, көктемде, топырақ...

    ·
    Сұрақ

    Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

    Жауап

    Аталмыш "Өркен-Медиа" инстаграмына шыққан ақпарат бойынша қазіргі таңда Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, аталмыш шұнқырлар тегістеліп қалпына келтіріледі 2025 жылдың 1 тамызға дейін.

    ·
    Сұрақ

    Жолдың шұңқырларын қашан жабады?

    Жауап

    Балқаш қаласының көшелерінде шұңқырларды жабу жұмыстары басталды (Уәлиханов көшесі,Қадыржанов көшесі).Аталған жұмыстар жалғасын әріқарай табатын болады. Аталмыш ақпарат бойынша келесіні хабарлаймыз, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында аталмыш шұнқырлар жабылды

    ·