Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мемлекеттік реттеуге жатады ма?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мемлекеттік реттеуге жатады ма?

    Жауап

    «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 6 - бабына сәйкес, Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:

    1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;

    2) тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту;

    3) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау;

    4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау;

    5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

    Мысалдар:Табиғи монополия субъектілерінің қызметі мемлекет тарапынан реттеледі, себебі бұл салаларда әдетте бір ғана компания жұмыс істейді және бәсекелестік болмайды. Электр энергетикасы— электр энергиясын электр желілері арқылы жеткізу. Темір жолдар — теміржол инфрақұрылымы (мысалы, Қазақстан Темір Жолы). Газбен жабдықтау — газды құбырлар арқылы тасымалдау.Сумен жабдықтау— қалалық су арналары(водоканалдар).Жылумен жабдықтау — қалалық жылу желілері мен Жылу -электр орталығы (ЖЭО). Бұл салалар монополист болғандықтан, мемлекет тарапынан реттеледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелдік интернет-дүкеннен құны 200 еуроға дейінгі тауар сатып алсам, кедендік баж төлеуім керек пе?

    Жауап

    Жеке тұлғалар шетелдік интернет-платформалар арқылы сатып алатын тауарларға қатысты 200 еуро мөлшеріндегі бажсыз әкелу нормасы сақталады. Тауардың құны 200 еуродан аспаған жағдайда, электрондық сауда тауарларына арналған декларация арқылы рәсімделеді және бұл ретте әкелу кедендік...

    Сұрақ

    Интернет-дүкеннен сатып алған тауарымды кеденде өзім декларациялауым керек пе?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 392-4-бабына сәйкес жеке тұлғалар сатып алатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін электрондық сауда тауарларының декларанты ретінде тауарды алушы жеке тұлға, сон...

    Сұрақ

    Шетелдік маркетплейстен біртекті тауарларды көп мөлшерде сатып алып, кейін оларды сатуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 392-1-бабының 2-тармағына сәйкес, электрондық сауда тауарларын өткізу ерекшеліктері қолданылып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар шығарылғаннан кейін коммерциялық қызметте пайдала...

    Сұрақ

    Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қандай функцияларды орындайды?

    Жауап

    «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 53-бабына сәйкес директорлар кеңесі Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. «Ұлттық әл-ауқат қорын қос...

    Сұрақ

    Акционерлік қоғамның атқарушы органының функциялары қандай?

    Жауап

    «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес, қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты алқалы немесе жеке-дара түрінде атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган қоғам қызметінің заңнамада және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдардың құзыр...

    Сұрақ

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу дегеніміз не?

    Жауап

    «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 678 қаулысының 1-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий белгіленген. Мораторий кваз...

    Сұрақ

    Табиғи монополия субъектілері тарифтер мен көрсетілетін қызмет шарттары туралы ақпаратты беруге міндетті ме?

    Жауап

    «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26 - бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға тариф, оның өзгергені туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті. Мысал:Табиғи монополия субъе...

    Сұрақ

    Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметке тұтынушылардың тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті ме?

    Жауап

    «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы Заңның 26 -бабының 12-тармағында көзделген жағдайларды...