«Физика мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде докторантурада оқуын аяқтаған түлектер қанша жыл және қандай ұйымдарда жұмыс өтеуге тиіс?
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде докторантурада педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайтын тәртіппен жұмыс өтеуге міндетті.
Мысал: Мен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «Физика мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша докторантураны аяқтаймын. Қанша жыл және қандай ұйымдарда жұмыс өтеуім қажет?
Оқуды аяқтағаннан кейін Сіз меншік нысанына қарамастан, кез келген білім беру ұйымдарында 3 (үш) жыл жұмыс өтеуге тиіссіз.