«Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша білімін аяқтаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері қанша жыл жұмыспен өтеуге тиіс?
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде авиациялық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайтын тәртіппен жұмыс өтеуге міндетті.
Мысал: Менің қызым 2027 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) аяқтайды. Ол мемлекеттік грант бойынша қанша жыл жұмыспен өтеуге тиіс?
Сіздің қызыңыз ЖЖОКБҰ-дағы оқуын аяқтағаннан кейін 5 (бес) жыл жұмыс өтеуге тиіс.