Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік жоғары оқу орнының филиалын бітірген Қазақстан Республикасы азаматтарына дипломды тану рәсімінен өту қажет пе?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 13-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша әрекет ететін шетелдiк жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары филиалдарының және шетелдiк оқу орындары берген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың иегерлері білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және қызметін жүзеге асыратын шетелдік бiлiм беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары берген дипломдар Қазақстан Республикасының аумағында автоматты түрде танылады және оларды тану рәсімінен өткізудің қажеті жоқ.
Мысал:
Қазақстан Республикасының М. азаматы Астана қаласында орналасқан және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде білім беру қызметін жүзеге асыратын шетелдік университеттің филиалын тәмамдады. Жұмыс беруші одан білім туралы құжатын тану туралы анықтаманы талап етті. Азамат М. білім туралы құжатын тану бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берді. Алайда оған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, өйткені мұндай диплом Қағидалардың 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автоматты түрде танылады.