«Болашақ» стипендиясы тағайындалмаған үміткерлерге конкурс нәтижелерін қайта қарастыру немесе апелляцияға беруге мүмкіндік бар ма?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Сұрақ

    «Болашақ» стипендиясы тағайындалмаған үміткерлерге конкурс нәтижелерін қайта қарастыру немесе апелляцияға беруге мүмкіндік бар ма?

    Жауап

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ҮҚ) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен реттеледі. ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573)

    Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында ақпарат орналастыру арқылы хабар етіледі. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделіп, оған қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.

    Осыған орай қолданыстағы ҚР ҮҚ заңнамасында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылмаған.

    Сонымен қатар Ережеге сәйкес үміткер келесі конкурстың конкурстық іріктеуіне қатысуға құқылы.

    Мысалы: Менің атым – Ардақ. Мен конкурсқа қатысып, University of Reading (Ұлыбритания) университетіне докторантура бағдарламасы бойынша құжат тапсырдым, алайда маған «Болашақ» стипендиясы тағайындалмады. Менің конкурс нәтижелерім қайта қаралуы мүмкін бе?

    Ардақ, үшінші турда комиссия алғашқы екі турдың нәтижелерін қарап, соңғы шешім қабылдайды: «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе бас тарту. Бұл шешім хаттамамен рәсімделіп, комиссия мүшелері қол қояды. Бұл шешімді қайта қарауға болмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Физика мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде докторантурада оқуын аяқтаған түлектер қанша жыл және қандай ұйымдарда жұмыс өтеуге тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде докторантурада педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республика...

    Сұрақ

    «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша білімін аяқтаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері қанша жыл жұмыспен өтеуге тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде авиациялық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ғ...

    Сұрақ

    Резидентураға ақылы негізде түскен тұлғалар мемлекеттік грант бойынша жұмыспен өтеу міндетінен босатыла ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыста...

    Сұрақ

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бакалавриатта білім алған және шетелдік жоғары оқу орындарының магистратурасына түскен тұлғалар жұмыспен өтеу міндетінен босатыла ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа жіберу, бю...

    Сұрақ

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бакалавриатта білім алған тұлғалар магистратураға түскен жағдайда өтеу міндетінен босатыла ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыста...

    Сұрақ

    «AI-Sana» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

    Жауап

    «AI-Sana» бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттерді шешу» атты Қазақстан халқына Жо...

    Сұрақ

    «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық саласындағы әріптестік мәселелері бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Шетелдік білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, әріптестік туралы ұсыныстарды қарау, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға байланысты өзге де мәселелер бойынша мүдделі тұлғалар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акцион...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік жоғары оқу орнының филиалын бітірген Қазақстан Республикасы азаматтарына дипломды тану рәсімінен өту қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 13-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында халықаралық шар...