Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінде кепіл ретінде жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда не істеуге болады?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Сұрақ

    Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінде кепіл ретінде жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда не істеуге болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 ««Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880), егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/жұбайының, балаларының) меншігінде ауыртпалық салынбаған жылжымайтын мүлік (яғни кепілде, тыйым салынған немесе ипотекада тұрмаған жылжымайтын мүлік) болмаған жағдайда, оқу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгерді ұсынуы тиіс. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.

    Мысалы:

    Менің атым Арман, мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. Менің және отбасы мүшелерімнің меншігінде жылжымайтын мүлік болмаса, бірақ мен 5 кепілгер ұсына алатынымды білсем, олар міндетті түрде менің туыстарым болуы керек пе?

    Жоқ, міндетті емес. Кепілгер ретінде соңғы бір жыл ішінде тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік гранттың квота бойынша өтелу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V230003...

    Сұрақ

    Грантты өтеу бойынша жұмыс істеу міндеті басқа (педагогикалық, медициналық және ветеринариялық емес) мамандықтар бойынша оқыған түлектерге де қолданыла ма және алынған білім бойынша жұмысқа орналасуға талаптар бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағының үшінші бөлігіне https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz...

    Сұрақ

    Халықаралық келісімдер аясындағы гранттар бойынша Польшада қандай оқу бағдарламаларына түсуге болады?

    Жауап

    Жыл сайын Польша Үкіметі қазақстандық азаматтарды келесі бағыттар бойынша оқытуға гранттар бөледі: «бакалавриат» (3 орын), «магистратура» (4 орын), «докторантура» (4 орын). Шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ын...

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына Қазақстан Республикасы аумағында әуе билеті шығындары өтеле ме?

    Жауап

    Қазақстан аумағында сапарлар кезінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (тікелей маршрут бойынша) жүру шығындары өтеледі. Бұл ретте өтемақы сомасы купе вагонындағы билет құнынан аспайтын мөлшерде есептеледі. Қымбат санаттағы билетте...

    Сұрақ

    «Болашақ» бағдарламасы бойынша екі аптаға созылатын семестраралық демалыс кезеңіндегі авиабилет төленеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613), әуе ұшу шығындары (әуе билеті) шетелдік жоғары оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес ұзақтығы 2 (екі) ай және одан да көп семестра...

    Сұрақ

    «Мемлекеттік қызметшілер» санатындағы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары тілдік курстардан шетелде өте ала ма?

    Жауап

    «Болашақ» бағдарламасының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша стипендиаттары шетелде тіл курстарынан өте алмайды, өйткені магистр дәрежесін алу үшін «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлеріне арналған тіл курстары тек Қазақстан...

    Сұрақ

    «Болашақ» стипендиясы бойынша конкурсқа өтініш пен құжаттарды қарау қанша уақытты алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 «Шетелде оқуға жіберу, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730) бұйрығына 1-қосымша...

    Сұрақ

    «Болашақ» стипендиясы тағайындалмаған үміткерлерге конкурс нәтижелерін қайта қарастыру немесе апелляцияға беруге мүмкіндік бар ма?

    Жауап

    «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ҮҚ) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді...