Мемлекеттік гранттың квота бойынша өтелу тәртібі қандай?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z54 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы мен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033291 Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 3 тармағына сәйкес ауылдық квота (леуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар мен ауыл жастары үшін жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекет бөлетін гранттардың мақсатты үлесі) шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Мысал: Сіз «Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша квота негізінде жоғары білім алдыңыз. Міндеттемелерді орындау үшін Сіз ауылдық жердегі денсаулық сақтау ұйымында жұмысқа орналасуыңыз қажет.