Халықаралық келісімдер аясындағы гранттар бойынша Польшада қандай оқу бағдарламаларына түсуге болады?
Жыл сайын Польша Үкіметі қазақстандық азаматтарды келесі бағыттар бойынша оқытуға гранттар бөледі: «бакалавриат» (3 орын), «магистратура» (4 орын), «докторантура» (4 орын).
Шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде айқындалған: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000328.
Мысалы: Мен, Мұрат, магистратураны аяқтағаннан кейін оқуымды жалғастыруды жоспарлап отырмын және Польшада «докторантура» бағыты бойынша гранттар бөліне ме, соны білгім келеді.
Қайырлы күн, Мұрат. Иә, сіз Польша жоғары оқу орындарында «докторантура» бағдарламасы бойынша оқу үшін құжат тапсыра аласыз, себебі Польша жыл сайын докторантураға 4 орын бөледі.