Қазақ тілін онлайн оқуға қандай мүмкіндік бар?

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тілін онлайн оқуға қандай мүмкіндік бар?

    Жауап

    Республика бойынша «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы жүргізіледі. Оқыту курсына тіл үйренгісі келетін Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алады. Оқыту курсы аптасына үш рет, ZOOM платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі, әр сабақ 60 минутты құрайды. Курстың ұзақтығы – үш ай. Курс соңында тіл үйренушілер тест тапсырып нәтижесінде сертификат алады.

    Мысалы: Сіз курсқа жазылғыңыз келді. Ол үшін инстаграмда курс туралы хабарландыруды қарайсыз, себебі аталған оқыту курсын жеңіп алған өнім беруші таргет арқылы жариялайды. Осы таргет қосымшада сіз өтінім қалдыра аласыз.

    Түсетін өтінімдерді әдіскер өңдейді, содан кейін тыңдаушылар тиісті топтарға қосылады. Топта тестілеу жүргізіліп, деңгей анықталады. Әрі қарай оқыту сол деңгейге сәйкес ұйымдастырылады. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Визуалды ақпаратты орналастыру кезінде тіл заңнамасының талаптарын сақтайтын шағын және орта бизнес өкілдеріне қандай қолдау және ынталандыру шаралары көрсетіледі?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес реквизиттер мен визуалды ақпарат мәтіндері орфографиялық нормалар мен мәтіннің аутентті аудармасын сақтай отырып ресімделуі тиіс. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде ор...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстанда медициналық ұйымдарда қай тілде қызмет көрсетуге міндетті?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштеріне берген жауаптары, сондай-ақ өзге де құжаттар мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде ұсынылады. Бұл талап меди...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеудің талаптары қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтығын алу шарттарының бірі – мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуден өту. Тестілеу өткізудің талаптары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 қ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тілін үйрететін тегін курстар бар ма?

    Жауап

    Елімізде жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған 116 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталықтардың тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/443373?lang=kz. Аталған орталықтарда азаматтарға қазақ тілі т...

    ·
    Сұрақ

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер ҚАЗТЕСТ сертификатын алу үшін не істеуі керек?

    Жауап

    «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер Қазтест сертификатын алу үшін testcenter.kz сайтына тіркеліп, тестілеуге қатысуға өтініш береді. Одан соң белгіленген күні тест тапсыра алады. Мысалы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер Гауһар Қазтест тапсыруды жоспарлауда....

    ·
    Сұрақ

    Қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылуы бойынша ақпаратты қайдан алуға болады?

    Жауап

    Қазақ тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді дұрыс айту және жалпы тілдік мәдениетті арттыру мақсатында «Emle.kz» https://emle.kz/kz электрондық базасы құрылды. Аталған база «Онлайн диктант», «Ережелер», «Аббревиатура», «Мақалалар», «Кітапхана», «Форум» атты бөлімде...

    ·
    Сұрақ

    «Termincom.kz» сайты не үшін қажет, оның жұмыс істеу тәртібі қандай және оған кім жауапты?

    Жауап

    «Termincom.kz» сайты https://termincom.kz/ – бұл ғылым мен білім, техника мен экономика, қоғамдық-әлеуметтік өмір салаларындағы терминдер мен сөздердің, сөз тіркестерінің бірыңғай терминологиялық базасы. Сайт пайдаланушылары өз жұмыстарында қолдану үшін бекітілген терминдермен жә...

    ·
    Сұрақ

    Termincom.kz сайтында орналасқан терминдер бойынша ұсыныстарды қалай беруге болады?

    Жауап

    Республикалық терминология комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) бекітуге ұсынылатын терминдерге қатысты ұсыныстар беру үшін Termincom.kz сайтына https://termincom.kz тіркелу қажет. Тіркелген соң, сайттың «Алаң» бөліміне өтіп https://termincom.kz/alan, Комиссия мүшелері үшін алдын...

    ·