Қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылуы бойынша ақпаратты қайдан алуға болады?
Қазақ тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сөздерді дұрыс айту және жалпы тілдік мәдениетті арттыру мақсатында «Emle.kz» https://emle.kz/kz электрондық базасы құрылды. Аталған база «Онлайн диктант», «Ережелер», «Аббревиатура», «Мақалалар», «Кітапхана», «Форум» атты бөлімдерді қамтиды. Бұл базада кез келген сөздің дұрыс жазылуын тексеруге болады.
Мысалы, М. есімді азамат «удивляться» сөзі қазақ тілінде қалай дұрыс жазылатынын білгісі келді делік: «таң қалу» ма, әлде «таңғалу» ма? Сол себепті ол сілтеме арқылы сайтқа өтіп, іздеу жүйесіне «таң қалу» сөзін жазады. Егер бұл сөз табылмаса, демек ол қате жазылған сөз. Дұрыс нұсқасы – «таңғалу».