«Termincom.kz» сайты не үшін қажет, оның жұмыс істеу тәртібі қандай және оған кім жауапты?
«Termincom.kz» сайты https://termincom.kz/ – бұл ғылым мен білім, техника мен экономика, қоғамдық-әлеуметтік өмір салаларындағы терминдер мен сөздердің, сөз тіркестерінің бірыңғай терминологиялық базасы. Сайт пайдаланушылары өз жұмыстарында қолдану үшін бекітілген терминдермен және сөздермен таныса алады, сондай-ақ жаңа терминдерді талқылау мен талдауға қатыса алады. Сонымен қатар сайттың міндеті – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы ұсынған терминдер мен сөздерді талқылаудың ашықтығын қамтамасыз ету. Сайт жұмысын Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді.
Мысалы, азамат С. мемлекеттік тілде су шаруашылығы саласындағы кітап жазып жатыр. Кітап мазмұнында ол су шарушылығына қатысты түрлі терминдерді қолданады. Ол «жемірілу» сөзін қолдануға болатынын және оның термин ретінде бекітілгенін не бекітілмегенін тексергісі келеді. Сол үшін ол сілтеме арқылы сайтқа өтіп, іздеу жүйесіне «жемірілу» сөзін жазады да, бұл терминнің 2005 жылы бекітілгенін көреді.