Қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап небәрі 4 ай жұмыс істеген болса, жұмыс беруші оған толық еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап небәрі 4 ай жұмыс істеген болса, жұмыс беруші оған толық еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, жұмыскердің ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші оны жұмыскерге беруге міндетті.

    Аталған құқықтар мен міндеттер жұмыскерде ҚР ЕК-нің 91-бабына сәйкес ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілі болған кезде туындайды. Бұл еңбек өтіліне:

    1. нақты жұмыс істелген уақыт;
    2. жұмыскер іс жүзінде жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) және жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
    3. жұмыскер уақытша еңбекке жарамсыздығына, оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты демалыста болуына байланысты іс жүзінде жұмыс істемеген уақыт;
    4. жұмыскерді жұмысқа қайта қалпына келтіргенге дейін іс жүзінде жұмыс істемеген уақыт кіреді.

    Сонымен қатар, Кодекс жұмыс берушінің жұмыскерге толық еңбек өтілі қалыптаспаған жағдайда да еңбек демалысын беру құқығын көздейді.

    Атап айтқанда, Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерге бірінші және кейінгі жұмыс жылдары үшін ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

    Жұмыскер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін (Кодекстің 92-бабының 3-тармағы).

    Кодекстің 93-бабына сәйкес, жұмыскерлерге ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру кезектілігі жұмыскерлердің пікірін ескере отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыстар кестесімен айқындалады немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

    Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып:

    • еңбек өтілі бар жұмыскерлерге еңбек демалысы (оның ішінде қосымша еңбек демалысы), егер жұмыскер оны бөліктерге бөлуді қаламаса, толық көлемде беріледі;
    • егер жұмыскердің еңбек өтілі болмаса немесе ол 12 айдан аз болса, жұмыскердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің келісімімен оған толық еңбек демалысы аванс ретінде немесе нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды еңбек демалысының бір бөлігі берілуі мүмкін;
    • егер демалыстар кестесінде еңбек қатынастары тараптарының келісімі ескеріле отырып, өзгеше тәртіп (бөліктерге бөлу немесе жұмыс істеген кезең үшін беру) көзделмесе, жұмыс беруші бекітілген демалыстар кестесі шеңберінде жұмыскердің ерікті түрде қабылдаған міндеттемесін ескере отырып, оған толық еңбек демалысын беруге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа жұмысқа орналаса ала ма?

    Жауап

    Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейді (ҚР ЕК-нің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы). Сонымен қатар, мемлекеттік фун...

    Сұрақ

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге байланысты болмаса және сот үкімімен оның педагог ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруына шектеу қойылмаған болса, білім беру ұйымдарының оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа орналасуға қойылатын қандай да бір шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға немесе жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтардың құқықтарын қорғауға негізделуге тиіс. Қаз...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасына кірмей, қазақстандық компаниямен жасалған еңбек шарты негізінде қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қызметкерге жұмыс істеуге рұқсат алу талап етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін еңбек шартын жасасуға жол берілмейді. Жұмыс берушілерге шетелд...

    Сұрақ

    Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беру тәртібіне қатысты сұрақ-жауаптар

    Жауап

    Скрининг дегеніміз не және ол не үшін қажет? Жауап:Скрининг - бұл шағымдары мен ауру белгілері жоқ адамдарға жүргізілетін профилактикалық тексеру. Ол аурулар мен қауіп факторларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болады. Скринингті...

    Сұрақ

    Маусымдық және уақытша жұмыскерлердің еңбек құқықтары

    Жауап

    Маусымдық жұмыс көлемі артқан кезеңде көптеген жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір-екі айға жұмысқа тартады. Мұндай жағдайда еңбек шартын жасасу міндетті ме? Жауап: Иә, міндетті. Жұмыс мерзімінің қысқа болуы жұмыс берушіні еңбек қатынастарын ресімдеу міндетінен босатпайды. Егер ада...