Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беру тәртібіне қатысты сұрақ-жауаптар

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беру тәртібіне қатысты сұрақ-жауаптар

    Жауап

    Скрининг дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап: Скрининг - бұл шағымдары мен ауру белгілері жоқ адамдарға жүргізілетін профилактикалық тексеру. Ол аурулар мен қауіп факторларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болады.

    Скринингтік зерттеулерден өту міндетті ме?

    Жауап: Иә. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті. Скринингтік зерттеулер ауруларды ерте кезеңде анықтауға, дер кезінде емдеуді бастауға және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

    Скринингтен өту үшін демалыс алуға кімнің құқығы бар?

    Жауап: Әрбір жұмыскердің күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ұзақтығы үш жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс алуға құқығы бар.

    Үш күндік демалысты бірден пайдалануға бола ма?

    Жауап: Иә. Демалысты қажеттілікке қарай қатарынан да, жыл ішінде бөліп-бөліп те пайдалануға болады.

    Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс қандай негізде беріледі?

    Жауап: Скринингтік зерттеулерден өтуге шақыратын медициналық ұйымның SMS-хабарламасы, телефон қоңырауы немесе өзге де хабарламасы демалыс беруге негіз бола алады. Сонымен қатар, жұмыскер өз бастамасы бойынша да скринингтен өтуге жүгінуге құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа жұмысқа орналаса ала ма?

    Жауап

    Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейді (ҚР ЕК-нің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы). Сонымен қатар, мемлекеттік фун...

    Сұрақ

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге байланысты болмаса және сот үкімімен оның педагог ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруына шектеу қойылмаған болса, білім беру ұйымдарының оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа орналасуға қойылатын қандай да бір шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға немесе жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтардың құқықтарын қорғауға негізделуге тиіс. Қаз...

    Сұрақ

    Қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап небәрі 4 ай жұмыс істеген болса, жұмыс беруші оған толық еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, жұмыскердің ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші оны жұмыскерге беруге міндетті. Аталған құқықтар...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасына кірмей, қазақстандық компаниямен жасалған еңбек шарты негізінде қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қызметкерге жұмыс істеуге рұқсат алу талап етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін еңбек шартын жасасуға жол берілмейді. Жұмыс берушілерге шетелд...

    Сұрақ

    Маусымдық және уақытша жұмыскерлердің еңбек құқықтары

    Жауап

    Маусымдық жұмыс көлемі артқан кезеңде көптеген жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір-екі айға жұмысқа тартады. Мұндай жағдайда еңбек шартын жасасу міндетті ме? Жауап: Иә, міндетті. Жұмыс мерзімінің қысқа болуы жұмыс берушіні еңбек қатынастарын ресімдеу міндетінен босатпайды. Егер ада...