2026 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270-нысан) кімдер тапсыруы қажет?

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    2026 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270-нысан) кімдер тапсыруы қажет?

    Жауап

    Кірістер мен мүлік туралы декларацияны мына тұлғалар тапсырады:

    1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар;

    2) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары (зайыптары);

    3) кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алған жеке тұлғалар;

    4) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлғалар;

    5) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі:

    мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын құқықтар және (немесе) мәмілелер;

    эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;

    Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

    Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

    инвестициялық алтыны бар жеке тұлғалар;

    6) есепті салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын жиынтық құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті:

    мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;

    мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;

    заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;

    бағалы қағаздарды;

    туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

    тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін;

    инвестициялық алтынды сатып алған адамдар.

    Мүліктің жиынтық құны есепті салықтық кезең ішінде оны сатып алу бағаларын жинақтау арқылы айқындалады.

    7) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар адамдар;

    8) осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасында көзделген кестенің 2-жолында көрсетілген жеке табыс салығының мөлшерлемесі қолданылған жалғыз кіріс көзі болып табылатын, төлем көзінен салық салуға жататын жұмыскердің кірісін алғандарды қоспағанда, осы Кодекстің 363-бабының 1) тармақшасында көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезең үшін салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 500 еселенген мөлшерінен асатын сомада кірістер алған жеке тұлғалар;

    9) есепті салықтық кезең үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданылатын 230 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада дивидендтер түрінде кіріс алған жеке тұлғалар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бақылау-кассалық машинасының (БКМ) фискалдық чегінде қандай мәліметтер болуы тиіс?

    Жауап

    Бақылау-кассалық машинасының (БКМ) фискалдық чегінде мынадай мәліметтер болуы тиіс: 1. Салық төлеушінің атауы; 2. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану орнының мекенжайы; 3. Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; 4. Бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірі; 5. Бақылау-кассалық ма...

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда бақылау-кассалық машина салық органында есептен шығарылады?

    Жауап

    Бақылау-кассалық машина (БКМ) салық органында мынадай жағдайларда есептен шығарылады: 1) сауда операцияларын жүзеге асыру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті тоқтату; 2) салық төлеушіні тарату, қайта ұйымдастыру және...

    Сұрақ

    Бақылау-кассалық машинаны қолданудан кімдер босатылады?

    Жауап

    Бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолданудан мынадай тұлғалар мен ұйымдар босатылады: -Жеке тұлғалар — заңнамада көзделген жағдайларда. -Жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар. -Қалалық қоғамдық көлікте жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін тұлғалар — белг...

    Сұрақ

    Көлік салығын қалай төлеуге болады?

    Жауап

    Көлік салығын төлеу жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 104402 төлем мақсатының коды (ТМК) -911, егер өсімпұл есептелген болса, онда ТМК – 912 қолданылады. Салықты төлеу үшін иелері көліктерінің бірегей нөмірін – 17 таңбадан тұратын...

    Сұрақ

    Көлік салығы-2025: қазақстандықтар нені білуі керек?

    Жауап

    ҚР Салық Кодексінің 567-бабына сәйкес 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жеке тұлғалар 2025 жылға автокөлік салығын төлеуге міндетті. Айта кету керек, оны есептеу үшін 2025 жылы АЕК қолданылды (3 932 тенге). ҚР СК-нің 565-бабына сәйкес автомобиль салығының мөлшері АЕК-ке және салық мөл...

    Сұрақ

    Таңбалау және акциздер бойынша 2026 жылы не күтіледі?

    Жауап

    2026 жылы акцизделетін тауарларды таңбалауға да, салықтық басқаруға да әсер ететін бірнеше маңызды өзгерістер енгізілуде: Тауарлардың ұлттық каталогы (ҰКТ) — міндетті тіркеу ҰБТ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық тауарлар каталогының (ҰБТ) жаңа жүйесі қолданысқа енгізіледі. Таң...

    Сұрақ

    Қандай тауарлар акциздік таңбалауға жатады?

    Жауап

    Таңбалауға жататын акцизделетін тауарлар: Темекі өнімдері (акциздік маркалар). Кейбір жағдайларда сыра мен шараптан басқа алкогольдік сусындар (есепке алу және бақылау маркалары). Маңызды сәт: акциздік таңбалау-бұл тауарларды цифрлық таңбалаудан бөлек арнайы жүйе және тауарлардың...

    Сұрақ

    2026 жылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге қою шегі қандай айналым болып табылады?

    Жауап

    ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою шегі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы 10 000 АЕК мөлшерін құрайды. Шектен асқан жағдайда салықтық өтініш шектен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.