Көлік салығын қалай төлеуге болады?
Көлік салығын төлеу жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 104402
төлем мақсатының коды (ТМК) -911, егер өсімпұл есептелген болса, онда ТМК – 912 қолданылады.
Салықты төлеу үшін иелері көліктерінің бірегей нөмірін – 17 таңбадан тұратын VIN кодын білуі керек.
Жеңіл автомобильдер үшін VIN коды-Шанақ нөмірі, ал жүк көліктері үшін – Шасси нөмірі. Деректер техникалық паспортта көрсетілген.
Машина болмаған жағдайда (ұрлану немесе өзге де жағдайлар) осы фактіні растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына мәліметтерді ұсыну қажет.
Салықты уақтылы төлемеген адамдарға мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
Салықты уақтылы төлемеген салық төлеушілерге салық берешегі туралы хабарламалар жіберіледі, олар 30 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс. Орындалмаған жағдайда салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады, ол да салық төлеушіге жіберіледі және 5 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс, кері жағдайда ол атқарушылық іс жүргізуді қозғау және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін электрондық арна арқылы жеке сот орындаушыларының палатасына (ЖСО) жіберіледі.